«30-ы жарақат алды»: АҚШ-тың Рас Иса портына жасаған әуе шабуылынан 13 адам қайтыс болған
- авторМағжан Орынбасар
- 18 сәуір, 2025
- 605
Йемендік хусит көтерілісшілерінің мәлімдеуінше, АҚШ-тың Қызыл теңіздегі «Рас Иса» портына жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде 13 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
- Америка агрессиясы салдарынан порттағы 13 жұмысшы қаза тауып, тағы 30-ы жарақат алды, - деп келтірді AFP хуситтердің баспасөз хатшысы Анис Аласбахидің әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасын.
Осыған дейін АҚШ әскері хуситтерге жанармай жеткізуді тоқтату үшін соққы бергенін жазған болатын.
- Америка күштері мұндай әрекеттерге Иран қолдайтын террорист-хуситтерге жанармай жеткізуді тоқтату және олардың заңсыз кірістерін жою үшін барған. Өйткені бұл кіріс көзі кейінгі 10 жылдағы хуситтердің бүкіл әлем бойынша террористік әрекеттерін қаржыландырып келді, - делінген АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәлімдемесінде.
АҚШ әскерилерінің мәліметінше, Вашингтон осы жылдың басында көтерілісшілерді шетелдік лаңкестік ұйым деп жариялағанына қарамастан, кемелер порт арқылы отын жеткізуді жалғастырды.
Ұқсас жаңалықтар
Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025






