«Орион» ғарыш кемесі Жер орбитасынан шығып, Айға қарай бағыт алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
2 сәуір күні АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен сағат 19:49 шамасында кеменің қозғалтқыштары іске қосылып, оған транслуналық үдеу берілді. Бұл маневр «Орионға» Жердің тартылыс өрісінен шығып, Айға ұшу траекториясына түсуге мүмкіндік берді. NASA мәліметінше, операция жоспарға сай сәтті орындалған.
Ғарыш кемесі 1 сәуір күні Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен ұшырылған болатын. Ұшырылым мен Айға бағыт алу кезеңінің арасы шамамен 25 сағатқа созылды.
10 күндік сапар
Миссияға қатысушы төрт астронавт алдағы 10 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге қайта оралуы тиіс. Бұл сапарда Айға қону қарастырылмаған. Жердің табиғи серігі шамамен 400 мың шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұл — соңғы жарты ғасырдан астам уақыт ішіндегі Айға жасалған алғашқы пилотталатын ұшулардың бірі. Бұған дейін адамзат Айға соңғы рет 1972 жылы «Аполлон-17» миссиясы барысында барған еді.
Экипаж құрамы
«Орион» кемесінің экипажында тәжірибелі астронавттар бар: Рид Уайзман, Джереми Хансен, Кристина Кох және Виктор Гловер.
Виктор Гловер — Ай миссиясына қатысқан алғашқы афроамерикалық астронавт, ал Кристина Кох — мұндай миссияға қатысқан алғашқы әйел астронавт ретінде тарихқа енбек.
«Артемида» бағдарламасының мақсаты
«Орионның» бұл сапары — АҚШ-тың жаңа ай бағдарламасының екінші кезеңі. 2022 жылы Artemis I миссиясы сәтті өтіп, кеме пилотсыз режимде Айға барып қайтқан еді.
Ал келесі кезең — Artemis III — аясында адамзат қайтадан Ай бетіне қонбақ.
NASA 2019 жылы жариялаған «Артемида» бағдарламасының негізгі мақсаты — Айға тұрақты түрде ұшулар ұйымдастырып, болашақта Марсқа сапар жасауға қажетті инфрақұрылым қалыптастыру.
Жамбылда көктемгі дала жұмыстары қарқын алды
Ұқсас жаңалықтар
TikTok келісімі аясында АҚШ қазынасына $10 млрд түсуі мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 16 наурыз, 2026






