жексенбі, 7 шілде, 2024 19:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – Дүниежүзілік балалар күні

Бүгін – Дүниежүзілік балалар күні
ашық дереккөзі
Бүгін – Дүниежүзілік балалар күні
Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 15 халықаралық құжат ратификацияланды және олардың алғашқысы Бала құқықтары туралы Конвенция болды.
Елімізде 6 млн 330 мың 18 жасқа дейінгі бала бар. Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін және кепілдіктерін айқындайтын 45-тен астам нормативтік құқықтық акті қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады делінген. “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" заңына сәйкес тегіне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге деген көзқарасына және тұрғылықты мекенжайына қарамастан барлық баланың құқықтары тең. Республикада 10 712 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 6 109-ы мемлекеттік, 4 603 ұйым жекеменшік. Онда 864 900 бала немесе 1-6 жастағы балалардың жалпы санының 75,4% қамтылған.
  egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар