сенбі, 23 қараша, 2024 0:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Францияда бейбіт шеру қақтығысқа ұласты

Францияда бейбіт шеру қақтығысқа ұласты
ашық дереккөзі
Францияда бейбіт шеру қақтығысқа ұласты

Францияның астанасы Парижде қауіп­сіздік туралы заң жобасына қарсы демонстрациялар кезінде ондаған наразылық білдіруші полиция­мен қақтығысып қалды.

Полиция наразылық білдірушілер дүкен сөрелерін қиратып, бірнеше көлікті өр­тегеннен кейін көзден жас шығаратын газ қолданған. Сенбіде бүкіл ел бойынша 100-ге жуық митингі жоспарланған болатын. Тұрғындар полиция қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салатын заң жобасына наразылық танытып отыр. Қарсыластар бұл заң баспасөздің полиция қатыгездігін дәйектеуде бостандығын шектейді дейді. Бұл мәселе үш полицейдің қара нәсілді музыкалық продюсерді ұрып жатқан су­реттері тарағаннан кейін ушыға түсті. Те­кетірес бірнеше аптада жалпыхалықтық си­пат алып, демонстрациялар Францияның Бордо, Лилль, Монпелье, Нанта және басқа қа­лаларында да өтті. Алайда үкімет бұл заң жобасы офицерлерді интернеттегі қысымнан қорғауға көмектеседі дейді.

Сенбі күні мыңдаған адам мен «сары жейделер» қозғалысы қатысқан Париждегі бейбіт шерулердің бірі қақтығысқа ұласқан. Наразылық білдірушілердің қатарында қара киім киіп, бетін тұмшалаған бір топ полицияға жарылатын құрылғылар лақтыра бастаған. Париж полициясы наразылыққа шыққандар қатарында 500-ге жуық бүлікші болғанын айтқан. Ішкі істер министрі Джералд Дарманин бұл оқиғаға байланысты 22 адам ұсталғанын хабарлады.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар