Газа мәселесі: Дохада жанама келіссөздердің жаңа кезеңі басталды
- авторМағжан Орынбасар
- 7 шілде, 2025
- 620
Al Araby телеарнасы мәлімдеуінше, Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы Газа секторында атысты тоқтату режимін енгізу жөніндегі кезекті жанама келіссөздер кезеңі Доха қаласында басталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
France-Presse агенттігінің дереккөзіне сүйенсек, Қатардың делдалдығымен өтіп жатқан кеңестерде тараптар атысты тоқтату туралы келісімді іске асыру тетіктерін және Газадағы израильдік тұтқындарды Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтарға айырбастау мәселесін талқылауға баса назар аударып отыр.
Еске сала кетейік, Израиль армиясы биылғы наурызда қаңтар айында орнатылған атысты тоқтату режимін бұзып, палестиналық анклавта әскери әрекеттерді қайта бастады. Бұған дейін Египет, Қатар және АҚШ-тың арағайындығымен өткен бірнеше келіссөз раундтарында тараптар жаңа мәміле шарттары бойынша ортақ келісімге келе алмаған еді.
Құтқарушылар «флягадан» бес жасар баланы шығарды
Ұқсас жаңалықтар
Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025






