жексенбі, 7 шілде, 2024 10:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

Илон Маск маймылдың миына чип орнатты
ашық дереккөзі
Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск стартапы Neuralink маймылдың миына "ой күшімен" бейнеойындар ойнауға мүмкіндік беретін чипті сәтті орнатқанын деп мәлімдеді", - деп хабарлайды Daily Mail.

Миллиардер чипті миға орнатудың мақсаты ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, чип "бас сүйегінде миға қосылған кішкентай сымдары бар фитнес білезік тәрізді".

"Бізде бас сүйегінде кішкентай сымдармен имплант орнатылған маймыл бар. Ол санасы арқылы бейнеойын ойнай алады. Импланттың қай жерде екені көрінбейді, ол бақытты маймыл. Бізде маймылдарға өте жақсы жағдай жасалған. Олар бір-бірімен интеллектуал пинг-понг ойнағанын қалаймыз", - деді Маск.

Миллиардер чип орнатылған маймылдардың видеосы жақын арада шығады деп уәде берді.

Neuralink стартапы 2017 жылы Маск ашқан, ол ми чиптерін әзірлейді. 2019 жылдың шілдесінде компания презентация өткізіп, онда ми мен компьютер арасындағы байланыс үшін чип жасаудың алғашқы қадамдары туралы айтылған.

tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар