«Ливерпуль» клубының парады кезінде адамдарды көлік басып кетті: не белгілі
- авторБақытжан Бекболат
- 27 мамыр, 2025
- 287

Оқиға салдарынан 27 адам ауруханаға жеткізілді, тағы 20 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер арасында төртеуі – бала, олардың бірі ауыр жараланған. Бір ересек адамның да жағдайы ауыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп есептемейді, оны жеке жағдай ретінде қарастыруда, деп хабарлайды dpa.
53 жастағы жүргізуші ұсталды. Полиция мәліметінше, ол – Ливерпульдің бір ауданында тұратын ақ нәсілді британдық азамат.
Куәгерлердің айтуынша, адамдар көліктің терезелерін ұрып, кейін сындыра бастағанда жүргізуші сасқалақтап, газ педалін басып жіберіп, алдымен бір адамды қағып, кейін басқаларын да басып өткен.
Оқиға орнынан түсірілген видеоларда полиция көлікті қоршауға тырысқанымен, ашулы адамдар жүргізушіні көліктен сүйреп шығарып, оны тепкілеп жатқан сәттер көрінеді.
Ұлыбритания Премьер-министрі бұл жағдайды Ливерпуль мэрімен талқылағанын айтып, “әрбір азамат, әсіресе балалар, өз батырларын қорықпай, еркін түрде ұлықтауға құқылы” деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ирандағы шиеленіс: Қазақстандықтар қауіпсіз аймаққа көшірілді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 маусым, 2025