Түркістан облысындағы Алматы - Шымкент жолында есірткі тасыған азаматтар ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 27 мамыр, 2025
- 160

Түлкібас ауданының «Алматы-Шымкент» тас жолында жедел іздестіру шараларының нәтижесімен 12 мыңнан астам «Трамадол» есірткіпрепаратымен екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Күдіктілерге қатысты ҚК 297-б. 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, Кентау қаласында синтетикалық есірткіні заңсыз жарнамалайтын граффити бояумен айналысқан күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚК 299-1-б. 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп мәлімдеді прократура.
Бұдан бөлек, жедел-іздестіру іс-шараларымен Жетісай ауданында әкесі мен ұлы заңсыз «көкнәр» есірткісін өсіріп жүргені анықталды.
- Күдіктілердің тұрғын үйілерін тінту барысында 1 882 түб «Көкнәр» есірткі заты мен тіркелмеген «Макаров» маркалы тапаншалары және пневатикалық тапаншалар табылды. Бұл факті бойынша ҚК 300-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.