Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл бүлік ұйымдастырды деген айыппен ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:23
- 44
Оңтүстік Кореяда тергеушілер уақытша шеттетілген, бірақ әлі де президент қызметіндегі Юн Сок Ёлді бүлік ұйымдастырды деген айыппен ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
"Агенттік президент Юн Сок Ёлды бүлікке жетекшілік етті деген айыппен қамауға алды", – делінген агенттік хабарламасында.
15 қаңтар, сәрсенбіде таңертең тергеушілер ел басшысының резиденциясына оны ұстау үшін келген, бірақ президенттің күзет қызметімен қақтығысқа түскен. Шамамен 2,5 сағаттық қарсыласудан кейін полиция мен Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының (CIO) қызметкерлері саты қолдана отырып резиденцияға кірген.
Олар бірнеше бөгеттерден өтіп, әр бөгетте президент күзетінің көліктер мен автобустардан құрған қоршау желілерін еңсерген. Операцияға шамамен 200 полиция қызметкері мен CIO-ның 40 тергеушісі қатысқан.
Ұқсас жаңалықтар
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024