дүйсенбі, 16 маусым, 2025 0:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сан-Паулудағы химиялық апат: ботаникалық саябақтағы тіршілікке қауіп төнді

Сан-Паулудағы химиялық апат: ботаникалық саябақтағы тіршілікке қауіп төнді
Фото: Bild
Бұл туралы Bild басылымы мәлімдеді

Бразилияның Сан-Паулу штатына қарасты Tulip Park ботаникалық бағында химиялық заттың төгілуі салдарынан балықтар қырылып, үйрек пен қаз секілді құстардың қауырсындары көк түске боялған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиғаға себеп — шамамен 2 мың литр химикат тасымалдаған жүк көлігінің өзенге құлап кетуі.

Қазіргі таңда прокуратура оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Ресми мәліметтерде бұл заттың уытты еместігі айтылғанымен, көлден өлі балықтар шыға бастаған.

Мамандардың айтуынша, бұл — суға тез еритін және негізінен асшаян өсіретін фермаларда зең мен паразиттерге қарсы қолданылатын химиялық зат.

Grad Brasil атты жануарларды қорғау ұйымы бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, экология министрлігімен бірлесе отырып, залалды азайту бағытында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар