сенбі, 23 қараша, 2024 16:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Саратовтағы қазақтар мен күрдтер төбелесі. Әлі оқиғаға ресми толық түсініктеме берілген жоқ

Саратовтағы қазақтар мен күрдтер төбелесі. Әлі оқиғаға ресми толық түсініктеме берілген жоқ
ашық дереккөзі
Саратовтағы қазақтар мен күрдтер төбелесі. Әлі оқиғаға ресми толық түсініктеме берілген жоқ

Ресейдің Саратов облысындағы күрд және қазақ қауымдастықтарының кикілжіңіне ненің бастау болғаны жайлы түрлі дақпырт тарауда.

Мәселен алдын ала нұсқалардың бірінше, Дергачев ауданындағы келіспеушілікке жергілікті тұрғын азаматты әскерге аттандыру кезінде төбелеске ұласқан жағдай орын алып, Қазақстан тумасы соққыға жығылған.

Тағы біреуінде қазақ ұлтынан шыққан полиция қызметкері күрд өкілін ұрғаны айтылады.

Дүйсенбіде басталған реніш сенбі – 24 қазандағы 200 адамға дейін жиналған екіжақты кездесуге ушығып, абырой болғанда, оны полиция мен арнайы жасақ тоқтатқан.

Осы орайда Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев тұрмыстық болса да, жағымсыз жайтқа байланысты ешқандай пікір білдіруді жөн санамаған сияқты.

«Взгляд-инфо» ақпараттық агенттігі даудың уақытша ғана тынышталғанына қауіптеніп, көршілес Ершов ауданында да қақтығыстың туындауы мүмкін екенін жазады. Онда күрд ұлтының азаматы 60 жастағы Иван Ермаков есімді мұғалімнің мұрнын сындырып тастаған. Қазір бұл оқиғаны да полиция тексеруде.

 
  Dalainform
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар