Жапония шетелдік азаматтарға шекарасын ашпақ
Жапония қазанның басында шетелдік азаматтар үшін біртіндеп шекарасын ашпақ. Дегенмен бұл туристерге қатысты емес, деп хабарлайды Asahi газеті. Басылым мәліметінше, әңгіме негізінен медициналық, білім және іскерлік салалар жайлы. Сонымен қатар мәдениет өкілдері де осындай жеңілдікке ие болмақ. Осылайша аталған себептермен Жапонияға күніне әлемнің түкпір-түкпірінен мыңға жуық адам кіре алады. Бірақ олардың қолында ұшар алдында жасатқан коронавирустың жоқтығын растайтын тест нәтижесі болуы керек. Ал келген соң тағы екі апта карантинге жатқызылады. Бұдан бөлек Күншығыс елі шетелдік студенттерге қатысты шектеулердің бәрін алып тастамақ. Ал қарашадан бастап елдің Токио, Осака, Фукуока, Нагоя және Саппоро секілді ірі қалалары күніне 20 мыңға дейін адамды қабылдайтын болады.
24.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Алтын арзандайды
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Әлемде
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024