сейсенбі, 24 маусым, 2025 7:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жасанды интеллектке қарсы шағым: Голливуд студиялары Midjourney-мен соттасуда

Жасанды интеллектке қарсы шағым: Голливуд студиялары Midjourney-мен соттасуда
Depositphotos.com
Disney мен Universal жасанды интеллектпен жұмыс істейтін Midjourney компаниясын авторлық құқықты бұзды деп айыптап, сотқа жүгінді.

The Guardian мәліметінше, танымал сурет генераторын олар "плагиаттың түпсіз тұңғиығы" деп атаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кинокомпаниялар нейрожелінің Голливуд студияларындағы материалдарды заңсыз пайдаланып, олардың рұқсатынсыз әйгілі кейіпкерлердің шексіз көшірмелерін жасап, таратқанын алға тартады. Олардың қатарында "Жұлдызды соғыстағы" Дарт Вейдер, "Мұзды өлкенің" Эльзасы және "Мынжылар" секілді кейіпкерлер бар.

"Біз жасанды интеллект технологиясына үлкен үмітпен қараймыз және оны шығармашылықты қолдайтын құрал ретінде қабылдаймыз. Бірақ ұрлық – ұрлық. Оны ИИ жасайды екен деп, ол заң бұзушылық болмай қалмайды", – деді Disney компаниясының бас заң кеңесшісі Орасио Гутьеррес.

Ал Universal компаниясының заң бөлімінің жетекшісі Ким Харрис: "Біз авторлардың қажырлы еңбегін және студияның контентке құйған ірі инвестицияларын қорғау үшін осы қадамға бардық", – деп мәлімдеді.

Disney мен Universal соттан Midjourney компаниясына өз туындыларын қайталауға тыйым салуды сұрап отыр. Сонымен қатар, олар келтірілген шығынның орнын толтыруды талап етеді. Шығын көлемі нақты көрсетілмеген.

Midjourney – мәтін бойынша сурет жасайтын нейрожелі. Оның басты ерекшелігі – жазылған сипаттама негізінде көркем бейне генерациялау мүмкіндігі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар