Балаларға планшеттер сыйлады
«Жастарыңды көрсет, еліңнін ертеңін айтайын» демекші, жастар ықылым заманнан бері – қоғамның қозғаушы әрі жетелеуші күші болып саналады. Ал олардың аяқтан тұрып, еңсе тіктеуіне мемлекетімізде қолға алынған түрлі бағдарламалар мен алуан акциялардың септігі орасан. Үстіміздегі тышқан жылы әлем халықтарына зілін артып, аты жаман індеттің дендеуі баршамызды сергелдеңге салды. Биылғы оқу жылы қашықтықтан оқыту форматына көшетінін ескерсек, көпшіліктің көкейін «Мектепке жол» акциясы ұмыт қалар ма екен?!» деген ой мазалағаны белгілі.
Бұл тұрғыда мемлекетіміздің басты мақсаты – жастарымыздың жарқын болашағына жағдай жасау екенін қаперге түйгеніміз абзал.
Кеше аудан әкімі, Nut Оtan партиясы аудандық филиалының төрағасы Сәкен Арубаев партияның «Балаларды мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы аясында тұрмыстық табысы төмен отбасыларынан шыққан тоғыз балаға заманауи үлідегі планшеттерді табыстап, оқуда озат болып, ел мақтаған ұлдардың бірі болуына тілектестігін білдірді.
– Құрметті достар! Бүгін сіздермен жаңа оқу жылының қарсаңында жүздесіп отырмыз. Еліміздің болашағы мына мектеп табалдырығын аттап, білімін жетілдіріп, түлеп ұшқан жастардың қолында. Жыл сайын білім ордасына қажетті мектеп формасымен қамтамасыз етуді қалыпқа айналдырсақ, бүгінгі жаһандық пандемияға байланысты мына планшеттерді сыйға тартып отырмыз. Игіліктеріңізге пайдалаңыздар, – деді аудан әкімі Сәкен Қаланұлы.
Өз кезегінде балалардың ата-аналары қайырымды амалдарға атсалысқан азаматтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық акциясында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов және аудандық БАҚ өкілдері болды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлеумет
Журналист, қаламгер Құралай Сейсенбекқызы студенттермен кездесті
- авторjambylinfo.kz
- 5 қараша, 2024