дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда ауыл шаруашылығына 30,4 млрд. теңге бөлінген

Жамбылда ауыл шаруашылығына 30,4 млрд. теңге бөлінген
ашық дереккөзі
Жамбылда ауыл шаруашылығына 30,4 млрд. теңге бөлінген
ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылы салаға 30,4 млрд.теңге бөлінген болатын. Бүгінгі күні бұл қаржының 17,8 млрд. теңгесі облыстағы 3 867 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде беріліп және 5,9 млрд. теңгесі қаржы институттары арқылы несие ретінде берілуде. Енді аталған бағдарламаның ішіндегі салалық бағдарламаларға қысқаша тоқталсақ. Егін шаруашылығы бойынша, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен 1 млрд 250 млн. теңге бөлініп, оған 25.5 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу межеленіп, ауыл шаруашылығы алқаптарына ендіру арқылы, егістік алқаптың 25,5 пайызын қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта 1574 ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 21,9 мың тонна тыңайтқыш алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына ендірілді және жоспар 85,8% орындалды. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 1,9 млрд теңге қаржы қарастырылған. Субсидиялау қазан-желтоқсан айларында атқарылады. «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің,биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 66,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 66,7 млн теңгеге өтінім түсіп, 370 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 45,5 мың л/кг өсiмдiктердi қорғау препараттары алынып, нәтижесінде 30,9 мың гектар жер өңделді. Мал шаруашылығы бойынша, 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында шет елден «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 36,0 мың бас МІҚ малының аналық басын сатып алу жоспарланған. Бағдарлама аясында биылғы жылдың басынан бері облысқа 1676 бас МІҚ малы әкелінді. Сонымен бірге, қолдағы малдың өнімділігін арттыру мақсатында ет бағытында тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұқымдық түрлендіруге МІҚ малының 73,7 мың аналық басы (жалпы сиыр санының 42,5%) тартылып, жоспар 92,2% орындалды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 50 мың бас қой сатып алу жоспарланса, бүгінгі күні 36 тауар өндірушілерге 20301 бас қой сатып алу үшін 871 млн.теңге несие берілді. Жалпы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға биыл жылы жергілікті бюджеттен 5,5 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні бөлінген қаржының 5,0 млрд. теңгесіне өтінімдер қабылданды. Инвестиция саласы бойынша, «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 6,5 млрд.теңгеге толығымен өтінімдер қабылданып, оның бүгінгі күнге 3,4 млрд. теңгесі 1 300 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге субсидия ретінде берілді. Қалған 3,1 млрд теңгенің өтінімдері мақұлданып жоспар бойынша қыркүйек, қазан, қараша айларында 2 601 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге субсидия ретінде берілетін болады. Нәтижесінде ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысымен салаға тартылған инвестиция көлемі 19,5 млрд. теңгені құрап, жоспар 106,0 пайызға орындалып отыр. «Еңбек» бағдарламасы бойынша, 2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 4 939 735 млн. теңге (оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына - 3 951 788 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалына – 987 947 млн. теңге) бөлініп, 1290 адамға несие беру жоспарланған. Бүгінгі күні 648 үміткерге 2 467,9 млн. теңге несие беріліп, қаржының 50,0% игерілді. Бұл несие қаражаттары егін шаруашылығы, мал (МІҚ, қой-ешкі, жылқы) сатып алу, жеке кәсіп ашу бағыттары бойынша берілуде. Жандос ЖАҚЫПОВ, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар