сенбі, 28 қыркүйек, 2024 22:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқушыларға кибербуллингтің қатері түсіндірілді

Оқушыларға кибербуллингтің қатері түсіндірілді
ашық дереккөзі
Оқушыларға кибербуллингтің қатері түсіндірілді

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Адам құқын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшін бұл мәселенің мәні зор.

Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанның азаматтары да интернеттегі ғайбаттаулардан қорғана алмай отыр. Бұдан ең алдымен балалар зардап шегуде. Олар интернет арқылы тараған қоқан-лоқының әсерінен қатты қиналады. Өкінішке қарай, соның салдарынан қайғылы жағдайға да ұшырап жатады. Азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді.

Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек. Атап айтқанда, Бала құқы жөніндегі конвенцияның хабарлау рәсіміне қатысты факультативтік хаттамасына қосылу қажет» деген еді.

Жалпы жас ұрпақ арандатуға ілісіп немесе біреуден зардап шекпесі үшін оларға ұстаздар тарапынан да қолдау қажет-ақ. Өйткені баланы дұрыс бағытқа жетелейтін ақыл кеңес пен тәрбие – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыратыны анық. Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына.

Оқушыға білім берумен қатар, тәрбиені де қоса алып жүру негізгі міндет. Сондықтан ұстаз қашанда балаларға жан-жақты құқықтық тәрбие беруді жетілдіріп отыруды басты парыз деп манайды. Осы мақсатта жуырда Меркі ауданы Ақтоған ауылы Тілеміс батыр атындағы №4 жалпы білім беретін орта мектепте 9-сынып жетекшісі Гүлназ Абдуалиеваның ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта «Кибербуллингтің қатері» деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Оған Меркі аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Килебаева Гүлзағира мен капитан Ерболат Оспанбеков қатысты.

Сынып жетекшісі Г.Абдуалиева оқушыларға сабақтың мақсаты мен мазмұны жайлы айтып, кибербуллингтің адам өміріне, жалпы қоғамға қатері жайлы біраз мәлімет келтірді. Ал өз кезегінде оқушылар да сабаққа араласып, сұрақтарға жауап беріп, полицейлермен диалогқа барды. Нәтижесінде оқушылар да, құқық сақшылары да өз сұрақтарына тұшымды жауап ала алды.

Сынып жетекшісі дайындаған сұрақтар бойынша да қызу пікір-талас өрбіді. Сондай-ақ оқушылар үй тапсырмасы ретінде дайындаған материалдары мен бейнероликтерін ұсынып, өз ойларын бөлісті. Бұл ретте әсіресе Мереке Секербек, Алуа Жылыс, Рамазан Халық, Әсел Шөлек, Тоғжан Нұртан, Нұрай Тұрғынбек сияқты оқушылар белсенділік танытты.

Одан кейін «Дін және қоғам» тақырыбында ашық әңгіме өрбіп, оқушылар дін туралы да мол мағлұмат алды. Бұл шараға негізінен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләйлә Жумалиева мен мектеп психологы Айгерім Сангулова да қатысты.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар