сенбі, 23 қараша, 2024 1:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жылжымалы кешен жұмысы жандануда

Жылжымалы кешен жұмысы жандануда
ашық дереккөзі
Жылжымалы кешен жұмысы жандануда

Қазақстан Республикасының Үкіметі өңірлердің медициналық мекемелерін жабдықтау үшін отандық өндірістің жылжымалы медициналық кешендерін сатып алу жобасын іске қосып, ағымдағы жылы барлық облыстарды, оның ішінде біздің аймақты да осындай игі іспен қамтамасыз етті. Отандық өндірістерде жабдықталған жылжымалы медициналық диагностикалық кешендер Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу аудандық орталық ауруханаларына берілген. Осылайша, барлық он аудан және облыс орталығы жылжымалы кешендермен қамтамасыз етілді, – деп хабарлайды Jambylinfo.

Жуалы ауданындағы жылжымалы медициналық мобильді кешен азаматтардың денсаулығын тексеруге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Көлік замануи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Мамандар қабылдайтын кабинет, ренгтен және флюрография аппараттары, ультрадыбыстық зерттеу, гинекологиялық кабинет, талдамалар алатын орын бар.

Бұл кешендердің басты мақсаты – халыққа медициналық қызметті барынша қолжетімді ету. Осы мақсатта, аудандық орталық аурухананың диагностикалық медицина кешені Нұрлыкент, Билікөл, Көлтоған, Қарасаз ауылдық округтерінде алғашқы медициналық қызмет түрлерін барынша тұрақты ұйымдастыруда. Тұрғындарға балалар невропатологы, травматолог-ортопед, акушер-гинеколог, окулист, педиатр, рентгенолог және басқа да дәрігерлердің кеңестері беріліп, бейінді мамандардың көмектері көрсетілуде.

Бүгінге дейін барлығы 1000-нан аса ауыл тұрғыны медициналық-консультациялық көмек алған. Бұрын шалғай ауылдық елді мекен тұрғындары толық тексеруден өту үшін аудан орталығына келетін. Бұл – жаны қиналған науқастың тек жүйкесін ғана ауыртпай, уақыттың созылып кетуіне де себеп болып жататын. Ағымдағы жылы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС арқылы облысқа 8 жылжымалы медициналық кешен алынып, ол аудандарға берілген. Бүгінде халық бұл игіліктің пайдасын көруде. Қазіргі уақытта медициналық кешен аудандағы барлық 8 дәрігерлік амбулаторияларында ауыл тұрғындарына тұрақты қабылдаулар жүргізуде. Сонымен қатар, мобильді медициналық орталықта арнайы қорғасынмен қапталған бөлме орнатылған, онда рентген және флюорографияны қауіпсіз жасауға болады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар