жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тараз жүрек» – Тамдыда

«Тараз жүрек» – Тамдыда
ашық дереккөзі
«Тараз жүрек» – Тамдыда

Осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни 2015 жылдың Жамбыл облысы бойынша жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім және сырқаттанушылықтың өсуін есепке ала отырып, профессор Сейтхан Жошыбаевтың бастамасымен 2016-2018 жылдарға арналған облыс әкімдігінің «Таза жүрек» бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарламаның мәні – облыс бойынша қан айналымы жүйесі аурулары мен жүрек-тамыр жүйесі ауруларына әкелетін қауіп-қатер факторларын анықтау. Осы бағдарламаның басты мақсаты – жүрек ауруларын дер кезінде анықтау, жүрек-қантамырлары ауруларын алдын алу және емдеу бойынша іс-шараларды тиімді орындау болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру – аудандардың медициналық қызметкерлерін теориялық дайындықтан өткізу. Дертті ерте анықтау мақсатында орталық жетекшілік ететін аудандардың тұрғындарына сауалнама әзірленіп, ол электрондық пошта арқылы орталық аудандық ауруханалардың басшылығына жіберіліп, сауалнамаларды толтыру туралы учаскелік дәрігерлермен сабақтар жүргізілген болатын.

Облысымызда аталған баянды бағдарламаның жалғасы іспетті «Таза жүрек» акциясы ағымдағы жылдың қараша айында басталған болатын. «Таза жүрек» акциясы аясында жылжымалы диагностикалық кешен жуырда Талас ауданы Тамды ауылдық округіне арнайы барды. «Таза жүрек» акциясының мақсаты-елді мекендерде, оның ішінде шалғай жатқан ауыл-аймақта медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету, мобильді жылжымалы кешендер арқылы ауылдық елді-мекендердегі денсаулық сақтау саласының дамуына ықпал ету.

Акция Талас аудандық орталық ауруханасы мен Тамды ауылдық округінің фельдшерлік-акушерлік пункті дәрігерлері және Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.

«Таза жүрек» акциясы барысында тұрғындарға жалпы тәжірибелі дәрігерлер, хириург, стоматолог, акушер-гинеколог, клиникалық зертханашыдан жасақталған 15 дәрігер мен еріктілер көмек көрсетті. Жалпы айтқанда, барлығы 100-ден аса ауыл тұрғыны медициналық-консультациялық көмек алды. Бұл шара қалған ауылдық округтерде, шалғай жерлерде шаруашылықпен айналысып жатқан азаматтарға да көмек көрсету мақсатында өз жалғасын табатын болады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар