сенбі, 24 мамыр, 2025 0:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық жастар жаңа инновациялар бойынша көшбасшылар қатарында

Жамбылдық жастар жаңа инновациялар бойынша көшбасшылар қатарында
Фото - ашық дереккөз
Diamond Challenge халықаралық байқауында қазақстандық оқушылар алғаш рет финалға шығып, елімізді Limitless Global Summit-де таныстырды

Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары – Аймер Кошмамбетов, Ерасыл Жұмақадыр, Алияр Сағындықов пен Құдірет Ахметтің дайындаған жоба әлем бойынша оқушылар арасында үздік 20 әлеуметтік кәсіпкерлік бастаманың қатарына енген алғашқы қазақстандық жоба болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, Diamond Challenge – әлемдегі ең ірі мектеп кәсіпкерлігі байқауларының бірі. Оны Ақштағы Делавэр университеті (University of Delaware) ұйымдастырады және жыл сайын аталмыш байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды  жас инноваторлар жиналады.

Биыл Уилмингтон қаласында өткен халықаралық байқаудың финалдық кезеңіне 19 елден командалар қатысты. Олардың қатарында  Жапония, Тайланд, Корея мен Түркия секілді технократия бойынша жетекші елдер де бар.

Жасөспірімдер финалға өздерінің «ASAR» инновациялық құрылғысы арқылы жолдама алды. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға цифрлық технологияларды пайдалануға көмектеседі.

Жарыс қорытындысымен команданың мүшесі Ерасыл Жұмақадыр Limitless World Summit версиясы бойынша ең үздік 25 жас көшбасшының қатарына енді!

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар