Кордай ауданындағы шекара басқармасында сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 мамыр, 2025
- 179

Кордай ауданындағы шекара басқармасында сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ата-бабаларымыз қаншама ғасыр бойы сыртқы күштерден қорғаған жерімізді бүгінде біздің әскери қызметтегі сардарлар мен сарбаздар өз деңгейінде қорғап отыр. Оның ішінде, шекара басқармасының әскери қызметкерлерінің тынымсыз күндері мен ұйқысыз түндері егеменді еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халқының тыныштығын сақтап келеді.
Әскери Ант қабылдау рәсіміне дейін жас сарбаздар оқу-жаттығуда шынығып, саптық жүрістің қыр-сырын меңгерді. Бойларын тік ұстап, тиісті талаптарды қажетті деңгейде орындай отырып, 281 жас сарбаз Ант берді.
Әскери ант қабылдау — сарбаз өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Бұл — туған Отан алдында адал қызмет етуге серт беру ғана емес, әр жауынгердің жүрегіндегі патриоттық сезімді нығайтатын, олардың азаматтық парызы мен жауапкершілігін айқындайтын ерекше кезең.
Шара барысында қонақтар үшін әскери бөлімнің қызметімен таныстыру, қару-жарақ көрмесі және мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.