дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«100 мыңнан аса азаматымыз аман қалады». Асхат Аймағанбетов онкологиялық аурулардың алдын алу мәселесін көтерді

«100 мыңнан аса азаматымыз аман қалады». Асхат Аймағанбетов онкологиялық аурулардың алдын алу мәселесін көтерді
Фото - ашық дереккөзден
Депуттатың айтуынша, МӘМС жүйесіне енбеген 3,4 млн азаматты скринингпен қамту көзделіп отыр

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов онкологиялық аурулардың алдын алу мәселесі бақылауіда екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймағанбетов әлеуметтік желідегі парақшасында онкологиялық аурулардың алдын алумен қатар, МӘМС жүйесіне қосылмаған мыңдаған отандастың өмірін сақтап қалу үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы жабза жариялады. Оның сөзінше, комитет отырысының нәтижесінде министрлікпен бірлесіп, бюджеттен бөлінетін қаражатты қысқарту туралы бұйрықты қайта қарау, жұмыс тобын құрып, нақты шығындарды есептеу және тіпті бірнеше бағыттар бойынша қаржыландыруды арттыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.

-    МӘМС жүйесіне енбеген 3,4 млн азаматтарды онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін скринингпен қамту және ұлтабар ісігін ерте анықтау үшін жаңа скринингтер енгізу мәселелері де қарастырылды. Жалпы, министрлікпен осы сұрақтар бойынша тығыз диалог жүріп жатыр. Осы мәселелерді талқылау үшін Қарағанды онкология орталығына барып, дәрігерлермен кездесу өткіздік. Мамандар да, сол жерде емделіп жатқан азаматтар да біздің дәлелдерімізбен толық келісіп, қолдауларын білдірді. Президентіміз Қ. Тоқаевтың қолдауының арқасында соңғы жылдары онкологиялық қызмет жақсы дамып келеді. Өткен жылы бекітілген Кешенді жоспар толығымен іске асса, жүздеген мың азаматымыздың өмірін сақтап қалу мүмкіндігі артады,- деді ол.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар