жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстауда бет бұлшықеттерінің еріксіз тартылуын емдейтін сирек операция жасалды

Маңғыстауда бет бұлшықеттерінің еріксіз тартылуын емдейтін сирек операция жасалды
Денсаулық сақтау министрлігі
Гемифациалдық спазм – жүре пайда болатын жүйке жүйесінің ауруы. Ол ми тамырларының өзгеруінен және тамыр мен нервтің ұзақ жанасуынан туындайды.

Маңғыстауда нейрохирургтар гемифациалдық спазмды емдеудің сирек операциясын сәтті жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 47 жастағы науқасқа гемифациалдық спазм диагнозымен жоспарлы операция жасалып, сәтті аяқталды. Бұл – өңірде орындалатын сирек нейрохирургиялық ем-шаралардың бірі.

Нейрохирург Думан Мырзабековтің айтуынша, гемифациалдық спазм бет нервінің ми тамырларымен жанасуынан пайда болады. Соның салдарынан бұлшықеттер еріксіз жиырылып, пациент ұзақ уақыт бойы қолайсыздық көреді. Мұндай жағдайда түбегейлі шешім – хирургиялық араласу.

«Операция алдында пациенттің миына МРТ жасалды, онда бет нерві мен тамыр арасындағы байланыс анықталды. Операция кезінде біз бұл кемістікті жойдық және нервтегі қысымды төмендеттік. Нәтижесінде бұлшықет жиырылуы тоқтайды. Бұл биылғы жылы біздің ауруханада жасалған екінші операция», – деді нейрохирург Думан Мырзабеков.

Операция бір жарым сағатқа созылып, оны нейрохирургтар Думан Мырзабеков пен Ақниет Оңайбаев, анестезиолог Қарлығаш Шадиева бірлесіп жүргізді.

Пациент отадан кейін өзін жақсы сезінетінін айтып, бет бұлшықеттерінің тартылуы толық тоқтағанын жеткізді.

«Ұзақ уақыт бойы оны невропатологтар емдеді, әртүрлі емшаралардан өттім, инъекциялар жасадым, бірақ бәрі нәтижесіз болды. Нәтижесінде мен облыстық көпбейінді ауруханаға жүгініп, Думан Мырзабеков бастаған нейрохирургтарға бардым. Маған сирек операция жасалды. Бәрі ойдағыдай өтті, қазір өзімді жақсы сезінемін», - деді ол.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар