жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талғат Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

Талғат Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Талғат Момышев ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған ол сауда саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.

Қызметтік жолы:

1997–1998 жылдары – Жамбыл облыстық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығында бөлім бастығы, кейін директордың орынбасары;

1998–2000 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің аппаратында қызмет атқарып, жалпы бөлімнің аға референті, сондай-ақ инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы болды;

2000–2010 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымда еңбек етті. Атап айтқанда, «Метрология» РМК Алматы филиалының басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша басқармасының бастығы, кейін Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды;

2010–2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мұнай және газ министрлігі жанындағы мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болды;

2014–2016 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетін басқарды;

2016–2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінде мемлекеттік инспектор;

2018–2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

2019–2021 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы және аппарат басшысы;

2021–2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;

2023–2024 жылдары – ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры;

2024 жылдың шілдесінен бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар