жексенбі, 22 маусым, 2025 15:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда шала туған нәрестенің көзіне жасалған ота сәтті өтті

Таразда шала туған нәрестенің көзіне жасалған ота сәтті өтті
Ашық дереккөз
2025 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында жүктіліктің 28-аптасында салмағы небәрі 845 грамм болатын шала туған нәресте дүниеге келді.

Сәби 1,5 айлық кезінде жоспарлы офтальмологиялық тексеруден өтті. Скрининг нәтижесінде шала туған балалар арасында жиі кездесетін көздің тор қабығы ауруы — ретинопатияның III сатысы анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жағдайды шұғыл тұрақтандыру мақсатында орталықтың офтальмолог мамандары тор қабыққа лазерлік коагуляция жасап, көз арты аймағына «Луцентис» препаратын енгізді.

Жоғары технологиялы медициналық көмектің нәтижесінде сәбидің жағдайы жақсарып, тұрақталды. Қазіргі таңда анасы мен сәби үйге шығаруға дайындалуда.

Перинаталдық орталықтың неонатология жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Талғат Толықбаевтың айтуынша, биыл орталықта алғаш рет шала туған сәбилерге ретинопатияға қарсы операциялар жасала бастады. Бұған дейін мұндай балалар Алматы қаласындағы арнайы орталықтарға жіберілетін.

Шала туған нәрестелердің көз ауруларын дер кезінде анықтап, емдеу мақсатында офтальмология саласының мамандары Айгүл Кенжеханқызы Бекқұлиева мен Руслан Рашидұлы Әбдүкәрімов арнайы оқудан өтіп, өз біліктіліктерін арттырған. Бұл қадам перинаталдық орталықта жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмекті жергілікті жерде көрсетуге жол ашты.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар