сенбі, 23 қараша, 2024 4:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық дәрігерлер жасөспірімнің бас сүйегін титан-пластик қою арқылы қалпына келтірді

Жамбылдық дәрігерлер жасөспірімнің бас сүйегін титан-пластик қою арқылы қалпына келтірді
ашық дереккөзі
Жамбылдық дәрігерлер жасөспірімнің бас сүйегін титан-пластик қою арқылы қалпына келтірді

Жамбыл облысында алғаш рет 15 жасар балаға әлемді мойындатқан неміс технологиясы арқылы бас сүйегінің орнына титан пластик (жасанды темір)  қою  арқылы күрделі ота жасалды.

Жасөспірім  бастапқыда өзін бірқалыпты ұстап, ауырғанын байқамай, уақыт создырып, жүріп қалған аяқ астынан жағдайы нашарлап, әлсірей бастаған. Ата-анасы баланы жедел жәрдем көмегімен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына әкеледі. Компьютерлік томографиялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның бұрыннан бас сүйегінде ақауы бар екені анықталып, әрі ишемиялық инсульт алып қойғаны да белгілі болады.  Дәрігерлер  шұғыл түрде ота жасап,  баланың өмірін сақтап қалуға кіріседі.

Білікті де білімді нейрохирург Саят Жұмабаевтың басшылығымен балаға әлемді мойындатқан неміс технологиясы арқылы оң жақ бас сүйегінің ісіген бөлігі орнына титан-пластик (жасанды темір) салынады.

Ең алғаш рет Германияда қолданылған  титандық пластика – қазіргі ең соңғы хирургиялық жетістіктердің бірі болып есептеледі. Олар 1996 жылдан бері шіріген сү­йекті алып тастап, орнына осындай үлгідегі ти­таннан жасалған протез салуда. Бүгінде Германияда мұндай протездің 25 түрі шы­ғарылып, он жыл бойы қолданылып келеді. Бұл протез темір болғанымен, салмағы 2-ақ микрограммды құрайды, өте жұқа әрі нәзік. Титандық-пластика­лық операцияның нәтижесінде ми тамырларының  қабынуы, ісіну жағдайлары азаяды.  Оны салу асқан “зергерлік” жұмыс­ты талап етеді. Қазіргі таңға немістер Еуропа көлемінде 120 мың титан протезін орнатып үлгерген.

Адамның  өмір сүру қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен бірге бастың ішіндегі қабыну, ісіну және жалпы ауру жағдайларының алдын-алатын бұл тәсілдің елімізде қолданылып келе жатқанына көп болған жоқ. Модельденген титан торының қолданылуы арқылы бас сүйегінің  кемістігіне жасалатын  отаны тараздық дәрігерлер алғаш рет жасап отыр.

Науқастың отадан кейінгі жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. Алайда, жасөспірімнің  денсаулығын ұдайы бақылап отыру үшін дәрігерлер оған тексеріліп тұруды және  жылына екі мәрте оңалту орталығына келіп, тұрақты ем қабылдауды ұсынады.

 

Жабыл облысы әкімдігі денсаулық  сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар