Мәдениет
Шу ауданындағы "Баласағұн" қалашығы инфрақұрылымға мұқтаж
- авторjambylinfo.kz
- 3 қараша, 2020
- 328
Шу ауданындағы "Баласағұн" қалашығы инфрақұрылымға мұқтаж
Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының мүшелері инфрақұрылымның болмауының салдары – туризм саласының дамуына айтарлықтай кедергі келтіруде
Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында туризмді дамыту мәселелері бойынша өткен кезекті кездесуінде айтылды. Өңірлік палатамен ұйымдастырылған басқосуда туризм саласының жанашырлары бірқатар проблемалық сұрақтарды көтерді.
Мәселен, Шу ауданының аумағында археологиялық ескерткіш - Баласағұн қалашығы орналасқан. VI-XIII ғасырлардың туындысы. Тарихи өлке 2014 жылы 25 маусымда Катардың Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38-сессиясының шеңберінде Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын.
Бұл нысан жергілікті тұрғындармен қатар, туристер арасында өте танымал. Сонымен қатар, барлық туристік маршруттарға енгізілген. Алайда, лайықты инфрақұрылымның болмауына байланысты туристердің аталған археологиялық ескерткішке баруы қиын. Меймандар үшін қандай да бір жағдай қарастырылмаған.
Қауымдастықдың жетекшісі Балагүл Махатованың айтуынша осы күрмеленген мәселені шешу үшін, атап айтсақ, жолға асфальт төсеуге аудандық немесе облыстық бюджеттен қаражат қарастыру керек. Сондай-ақ, орталық атқарушы органдар арқылы Дүниежүзілік мұра орталығының жол салуға рұқсат құжаттарын беру мәселесін шешу сынды ұсыныстарын білдірді.
atameken.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала