жексенбі, 6 қазан, 2024 2:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылуда

Таразда ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылуда
ашық дереккөзі
Таразда ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылуда

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында қазақстандық қамту үлесін арттыру және «Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын шығару» жобасының іске асырылу барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндама жасады. Аспандияр Мұратәліұлы мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру үшін арнайы комиссия құрылып, жыл басынан бері құрылған комиссияның 7 отырысы өткенін айтты. – Жүргізілген мониторинг нәтижесінде жергілікті қамту үлесінің ай сайынғы өсімі байқалады. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдайға сәйкес, өнеркәсіп саласының 6 бағыты бойынша жергілікті қамту үлесі 21,1 пайызды, құрылыс-монтаж жұмыстары 50 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі нысандардың құрылысына қажетті материалдардың мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 70 пайызды құрады.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының жобалары бойынша ұсынылатын есепті Жамбыл және Меркі аудандары ғана ұсынды. Барлығы 13 миллиард теңгені құрайтын 138 нысан бойынша есеп ұсынылған жоқ. Жалпы, мониторинг барысында анықталғандай есептер мемлекеттік органдармен сапасыз әзірленеді, белгіленген мерзімінде ұсынылмайды және тұрақты және сауатты орындаушылар болмай тұр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу жоспарлары бірнеше мәрте қайталанады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың мәліметтерімен айтарлықтай сәйкессіздіктерге алып келеді. Облыста жергілікті тауар өндірушілердің CT-KZ сертификаттарын алуы және олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуы бойынша жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, – деді Аспандияр Сейсебаев. Ал, «Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын шығару» жобасы бойынша облыс әкімінің тапсырмасына сай бірқатар жұмыстар жүргізіліпті. Жалпы, 2017 жылы ауыл шаруашылығы техникалары 4,3 пайызға, 2018 жылы 5,6, 2019 жылы 7,3 пайызға жаңарған екен. Ағымдағы жылы 10 пайызға дейін жаңарту жоспарланған. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша техникалардың жаңару көрсеткіші 9,3 пайызды құрап отыр. – Қазіргі таңда «Тараз АгроМашТорг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрмеге көрсету мақсатында 3 корпусты және 4 корпусты 3 соқа шығарды. Қосымша тағы бір соқа дайындалуда. Соқалар шаруалардың сұранысына сай Сарысу ауданына сатылды. Ал өндіріс ғимаратын жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Сатылған техникаларды сынақтан өткізіп, әрі қарай өндірісті ұлғайту көзделуде. Жобаны толығымен жабдықтап, 2021 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар облыстың техникалық паркін жаңарту мақсатында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «АгромашХолдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп, «Тараз сервистік өндіріс орталығы» серіктестігін ашуда. Бұл механизм арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы ескі техникаларды толық жөндеуден өткізу қызметін көрсете отырып, барынша техникаларды жаңарту бойынша жұмыс жүргізу ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге «АгромашХолдинг» серіктестігі арқылы 50 дана техника қаралып, оның 12-сі жөндеуге келетіндігі анықталып отыр, – деді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Аманов. Сонымен қатар жиын барысында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Олжас Қаржауов ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Машбекұлы жоспарлы жұмыстарды жалғастыра беруді тапсырды. – Облыс бойынша 18 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы болса, 60 пайызы 10 жылдан бері қолданыста. Яғни, ескірген. Егер мол өнім алып, үлкен нәтижелерге қол жеткізгіміз келсе техникаларды жаңарту мәселесіне ерекше көңіл аударуымыз керек. Қазіргі нәтиже жаман емес. Бүгінде шаруалар соқаны, тырманы бірнеше есе төмен бағамен сатып алып жатыр. Тіпті, шаруалар миллиондаған теңге қаржы үнемдейді. Сондықтан басталған жұмысты әрмен қарай жандандыра беруіміз керек, – деді Б.Сапарбаев.

Талғат Нұрханов

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар