сейсенбі, 1 сәуір, 2025 17:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1,6 млрд теңге жымқырған есепші 8 жылға сотталды

1,6 млрд теңге жымқырған есепші 8 жылға сотталды
Фото: Видеодан скрин
Бұл туралы Антикор мәлімдеді

Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м. а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген Антикор хабарламасында.

Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар