2026 жылғы дерек: Қазақстандағы елді мекендер саны белгілі болды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:06
- 35
2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қатысты жаңартылған деректерді жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ел аумағында бүгінгі таңда 90 қала бар.
Оның үшеуі – республикалық маңызы бар мегаполистер: Астана, Алматы және Шымкент.
Бұдан бөлек, 39 қала облыстық деңгейде, ал 48 қала аудан орталығы ретінде тіркелген.
Қалалар саны ең көп шоғырланған өңір – Ақмола облысы, мұнда 11 қала бар. Ал Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8 қаладан орналасқан.
Жалпы республика бойынша 195 аудан есепке алынған. Аудандардың ең көбі де Ақмола облысына тиесілі – 17. Кенттер саны 29 болса, оның ішінде Қарағанды облысы 8 кентпен алда тұр.
Ауылдық елді мекендерге келсек, ел бойынша 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл бар. Ауыл саны жағынан Түркістан облысы көш бастап тұр — бұл өңірде 794 ауыл тіркелген.




