жұма, 20 ақпан, 2026 16:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде COVID-19-дың қандай нұсқалары таралуда?

Елімізде COVID-19-дың қандай нұсқалары таралуда?
istockphoto.com
Елімізде жыл басынан бері коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі анықталды.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Айтуынша, елімізде жыл басынан бері коронавирус инфекциясының алты жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,3 есе төмен.

Қазақстанда SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына жүргізілген соңғы мониторинг нәтижесінде Омикронның үш субнұсқасы таралып жатқаны анықталды: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 – әрқайсысы 12,5%. Бұл Омикрон субнұсқалары халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді, – деп атап өтті бас санитариялық дәрігер.

Айта кетерлігі, коронавирус инфекциясы COVID-19 бойынша да соңғы мониторинг деректеріне сәйкес, елімізде Омикронның үш субнұсқасы айналымда: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 – 12,5%-ды құрайды. Аталған субнұсқалардың таралуы халық денсаулығына қосымша қауіп әкелмейді.

Қазіргі таңда COVID-19 негізінен жеңіл түрде өтуде. Науқастарды ауруханаға жатқызу талап етілмейді, ем амбулаториялық жағдайда жүргізіледі, - деді Сархат Бейсенова.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар