242 адам жер сілкінісінен қорқып, үйлеріне қонбаған - Ерболат Досаее
- авторjambylinfo.kz
- 5 наурыз, 2024
- 743
Алматының 242 тұрғыны осы түнді қабылдау пунктерінде өткізген. Таңғы сағат сегізде бәрі үйлеріне оралды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, кеше барлық инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеді және жұмысын жалғастырып жатыр. Жедел штабтың шешімімен 4 наурыз сағат 11.40-та қалада бекітілген 384 қабылдау пункті ашылды.
«Сағат 15.00-ге дейін қабылдау бекеттеріне 1 962 адам, оның ішінде 714 бала келді. Сағат 16.00-ден бастап жедел штаб хабарламасынан кейін тұрғындар үйлеріне орала бастады. Сағат 23.00-дегі жағдай бойынша қабылдау пунктерінде 242 тұрғын, оның ішінде 93 бала түнеп қалды. Бүгін таңертең сағат 8.00-де барлық тұрғын қабылдау пунктерінен шығып кетті. Мектептер, балабақшалар мен жоғары оқу орындары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», деді Досаев.
Ол қабылдау пунктеріне жиналған тұрғындар ұйықтайтын керек-жарақпен, сусынмен және тамақпен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Барлық қабылдау пунктінде полиция және төтенше жағдай қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Әкім кеше сағат 12.30-дегі жағдай бойынша бір адам зардап шеккенін мәлімдеді. Ол қалалық стационарға жеткізілген. Ауруханада оған барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Арнайы комиссия сағат 13.00-ден бастап барлық қоғамдық ғимаратты, сондай-ақ тұрғындардың өтінішімен басқа да объектілерді тексеруді бастап кеткен. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.
«5 наурыз таңертең Алматы қаласында жағдай тұрақты. Жедел штаб жұмыс істеп тұр, барлық қызмет жұмылдырылып, күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды», деді қала басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Алматы тұрғындары бес балдық жер сілкінісін сезді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024