Ораза ұстай алмағандар бір аш адамды 3400 теңгеге тойдырып, құлшылық ете алады
- авторjambylinfo.kz
- 5 наурыз, 2024
- 2.4k
Айта кетейік, ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасау «підия» деп аталады.
«Биыл підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 3400 (үш мың төрт жүз) теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді», - дейді ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов.
Мүфтият хабарлап отырғандай, «Бақара» сүресінің 184 аятында підия туралы айтылған.
«Алла тағала: «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек», – деді («Бақара» сүресі, 184-аят).
Өте ауыр науқасқа шалдыққан адамдар мен жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. Оның орнына підия береді. Підияны бірден Рамазан айының басында немесе соңында беруге болады. Сондай-ақ бір айдың підиясын бір адамға немесе бірнеше адамға бөліп берсе, оның оқасы жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024