жексенбі, 30 наурыз, 2025 18:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмолада «рецидивист» жүргізуші сотталды

Ақмолада «рецидивист» жүргізуші сотталды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы прокуратура мәлім етті

Ақмола облысы Біржан сал ауданының соты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, мас күйінде көлік жүргізген адамға қатысты үкім шығарды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2020 жылдан бастап аталған азамат осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық бойынша екі рет жауапқа тартылып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қолданғанына қарамастан, қайта мас күйінде автокөлікке отырып, айналадағы адамдарға қауіп төндірді.  

- Сот Біржан сал ауданы прокуратурасының ұстанымын қолдай отырып, сотталушыға екі жыл алты ай бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, ең жоғары қауіпсіздік ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеу түрінде жаза тағайындады,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар