сейсенбі, 1 сәуір, 2025 21:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қонаевта психотропты есірткі затын тасымалдаған ер адам ұсталды

Қонаевта психотропты есірткі затын тасымалдаған ер адам ұсталды
Фото: Zakon.kz
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қонаев қаласының полиция қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Chevrolet Nexia автокөлігін тоқтатты.

Көлікті басқарған 28 жастағы ер адамның күмәнді әрекеттері полицейлердің назарын аударып, көлікке тексеру жүргізілді.

"Тексеру кезінде автокөлік салонынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакеті табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,28 грамм болатын психотроптық есірткі Alfa-PVP екені анықталды", – деп мәлімдеді полицейлер.

Полиция психотроптық заттар есірткінің ауыр түрлеріне жататынын, адам ағзасына зиянды әсер ететінін және қоғам денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады.

 

.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар