Елімізде
Алматы облысында 37 турист мінген автобус аударылып қалды
- авторИндира Тәліпқызы
- 27 мамыр, 2024
- 1.2k
Абырой болғанда адам шығыны жоқ
Бүгін Алматы облысы Кеген ауданында туристерге толы автобус аударылып қалды. Әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен видеоға Алматы облысы әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды jamnylinfo.kz.
Әкімдіктің хабарлауынша, жол көлік апатынан қаза тапқандар жоқ. Ал түрлі дене жарақатын алған туристер жергілікті ауруханаға жатқызылған.
"Жалпы, автобустың ішінде 37 адам болса, оның 25-сі адам ауруханаға жеткізді. 4 адамның жағдайы орта ауыр", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.
Ал жол-көлік оқиғасына байланысты жергілікті Полиция тергеу жұмыстарын бастап кеткен.