бейсенбі, 4 шілде, 2024 14:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Демалыстың екі түрі бар»: Биыл Қазақстандағы ұстаздар неше күн және қалай демалатыны белгілі болды

«Демалыстың екі түрі бар»: Биыл Қазақстандағы ұстаздар неше күн және қалай демалатыны белгілі болды
Оқу-ағарту министрлігі заңнамалық база туралы ақпарат берді

Қазақстанда педагогтерге екі түрлі демалыс беріледі. Бірі – барлығына ортақ демалыс болса, екіншісі экологиясы нашар жерде тұратын ұстаздардың демалысы, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, педагогтер үшін ең маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу уақытының ұзақтығын белгілеу. Оның ұзақтығы барлық педагог үшін 56 күнтізбелік күн.

«Жалпы, педагогтерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының 2 түрі беріледі: негізгі және қосымша. Қосымша демалыс экологиялық қолайсыз және радиациялық қаупі бар аумақтарда тұратын педагогтер үшін қарастырылған. Оның ішінде экологиялық қолайсыз аумақтарда тұратын педагогтер үшін қосымша демалыстың ұзақтығы 7 күннен 12 күнге дейінгі, ал радиациялық қауiптi аумақтарда тұратын педагогтер үшін 5 күннен 14 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Демалыс уақытына түскен мереке күндері еңбек демалысына кірмейді. Еңбек демалысын беру кезінде нақты жұмыс істеген уақыт қана есепке алынады», - деп хабарлады министрлік.

Бюджеттік жоспарлау департаментінің Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасы басшысы Гүлайым Тоқпанованың айтуынша, еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.

«Сауықтыру жәрдемақысының мөлшерін есептеу педагогтің демалыс берілген күнгі нақты жүктемесін ескере отырып, лауазымдық ақы мөлшерінде жүргізіледі, мұнда қосымша ақылар мен үстемеақылар есептелмейді», - дейді Бюджеттік жоспарлау департаментінің Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасы басшысы Гүлайым Тоқпанова.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар