дүйсенбі, 24 маусым, 2024 18:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда Заманбек Нұрқаділовке арналған тақтайша ашылды

Алматыда Заманбек Нұрқаділовке арналған тақтайша ашылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Мемориалдық тақтайша кезінде саясаткер тұрған үйге орнатылған

Бүгін Алматы қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz "ZTB" парақшасына сілтеме жасай отырып. 

Дереккөзге сүйенсек, тақтайша бір кездері саясаткер тұрған үйге орнатылған. Ашылу рәсіміне қоғам қайраткерінің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова және ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысқан.

Айта кетейік, саясаткер Заманбек Нұрқаділов тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. Жыл басында оның рухына бағышталып ас берілген болатын. Сол аста Президент кеңесшісі –  Баспасөз  хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  хатын оқыған.

«Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің  туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы - осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру - ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері - Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын.  «Тарих – таразы»  деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды», делінген Президенттің хатында.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар