Елімізде
Қара халықтың қалтасына қол сұққан кәсіпорынның заңсыз ісі әшкереленді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 мамыр, 2024
- 1.0k
Ол қызмет көрсетпеген күндері үшін ақы алған
Маңғыстау прокуратурасы қолданыстағы заңнаманы сақтау тұрғысынан монополия субъектілерінің қызметіне талдау жүргізу барысында аймақтағы ірі кәсіпорынның заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Прокуратура мәлімдегендей, талдау барысында «Каспий жылу, су арнасы» МКК тарапынан жылу және сумен жабдықтау қызметтері үшін қала тұрғындарына коммуналдық төлемдерді негізсіз есептегені анықталған. Кәсіпорын нақты қызмет көрсетілмеген күндер үшін коммуналдық төлемдерді есептеген.
"Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оны қарау нәтижесімен 34 млн теңгеден астам сомаға 11 мыңнан астам дербес шоттар бойынша қайта есептеу жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр",- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






