жексенбі, 7 шілде, 2024 6:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда Адай жылқы тұқымының 1300 басы ғана қалған

Қазақстанда Адай жылқы тұқымының 1300 басы ғана қалған
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл туралы бүгін Мәжілісте депутат Айдарбек Қожаназаров мәлім етті

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бұл құжат  Парламент  депутаттарының бастамашылығымен дайындалған. Осы заңға бастамашы болған депутаттың бірі Айдарбек Қожаназаров жалпы отырыста баяндама жасап, басты мақсат – мемлекеттік қолдау көрсету арқылы отандық спорт бағытындағы жылқы тұқымын қалпына келтіру және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту екенін айтты.

«Қостанай тұқымы 70 жылға созылған ғылыми зерттеудің нәтижесінде шығарылған, мамандандырылған спорттық бағыттағы және ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін кеңінен қолданылатын қазақтың шабандоз тұқымы, халықтың ұлттық қазынасы. 1969 жылы елімізде 44 мыңнан астам Қостанай жылқы тұқымы тіркелген, яғни барлық асыл тұқымды жылқылардың жалпы санының 9,7 % құраған. Алайда бүгінде Қостанай жылқы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды, ал Адай жылқы тұқымының 1300 басы тіркелген», – деді депутат.

Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, егер спорттық мақсатта пайдаланылатын отандық жылқы тұқымдарын сақтау мен көбейту бойынша бір құжат қабылдамасақ, бабаларымыздың, ғалымдарымыздың көпжылдық еңбегі далаға кетудің аз-ақ алдында тұр.

Депутат атап өткендей, заңнамалық түзетулерде қостанайлық жылқы тұқымын сақтауға және өсімін молайтуға бағытталған іс-шараларды субсидиялау көзделген.

Олар – асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларды сатып алу, асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу және оларды ұстау бойынша шығындарды өтеу.

«Аталған қолдау тетіктері, отандық спорттық бағыттағы жылқы тұқымдарын  дамытуға  жағдай жасап,  бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге алу сынды ұлттық ат спорты түрлерін бұқаралық дамытуға ықпалын тигізеді», – деді А. Қожаназаров.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар