дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аягөз, Сарыөзек әскери қалашықтарында мүмкіндігі шектеулі 74 баланың құқығы тапталған

Аягөз, Сарыөзек әскери қалашықтарында мүмкіндігі шектеулі 74 баланың құқығы тапталған
Фото: sarbaz.kz
Бұл туралы Әскери прокуратура хабарлады

Бас әскери прокуратура әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, яғни, кәмелетке толмаған мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің заңдылығы мәселесіне талдау жүргізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Талдау көрсеткендей, Аягөз, Сарыөзек, Гвардия гарнизондарының жабық және оқшауланған әскери қалашықтарында әскери қызметші ата-аналарымен бірге әртүрлі ауруларға байланысты мүгедектігі бар 74 бала тұрады, алайда онда оларға медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қызметтері, әлеуметтік-білім беру және оңалту мекемелері жоқ. Оның үстіне мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған әскери отбасылар заңда көзделген қосымша тұрғын шаршы метрімен қамтамасыз етілмеген», - деп хабарлады әскери прокуратура.

Қазір Қорғаныс министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілгені белгілі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әскери қызметшілерді қажетті жағдайлары бар облыс орталықтарына ротациялау мәселесін қарастырылып жатыр.

«Сонымен қатар, Аягөз гарнизонында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған үш отбасына тиісті көлемі бар пәтерлер берілді», деп хабарлайды прокуратура.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар