сейсенбі, 16 шілде, 2024 8:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Той емес, бинго!»: 50 жасын естен кетпестей еткен экс-депутаттың тойы желіде қызу талқыланып жатыр

«Той емес, бинго!»: 50 жасын естен кетпестей еткен экс-депутаттың тойы желіде қызу талқыланып жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Салтанатты жиынға Иманғали Тасмағанбетовтың өзі келген

Әлеуметтік желіде бұрынғы прокурор, экс-депутат Мақсат Раманқұловтың 50 жас мерейтойы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бейнежазбаларға зер салсақ, сән-салтанаты келіскен жиынның ерекше стильде өткенін аңғару қиын емес. Мәселен, тойға келген көпшілік лотерея арқылы автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы 10 телефон, иіссу, сондай-ақ, басты сыйлық Астанадан пәтер ұтып алған. Мерейтойға келгендердің арасында белгілі әншілер, шенді-шекпенділер, тіпті салмақты саясаткер Иманғали Тасмағанбетов бар. 

Сондай-ақ, мерейтойда МузАРТ, Raim, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Өзбекстанның әншілері, Ресейден келген «Мираж» тобы, Германиядан келген Bad Boys Blue тобы өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Мақсат Раманқұлов ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты. Әр жылдары құқық қорғау, кәсіпкерлік саларында еңбек еткен. Қазақстан ММА аралас жекпе-жек федерациясы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Тоғызқұмалақ» халықаралық спорт федерациясының вице-президенті. VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған депутаты. «Құрмет» орденінің иегері.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар