Елімізде
Маңғыстауда колледж директоры қызметкердің сыйақысын қалтаға басқан
- авторМағжан Орынбасар
- 28 мамыр, 2024
- 380
Ол 29,5 млн теңгені заңсыз жымқырған
Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде гуманитарлық колледждің директоры қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін өзі жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Құзырлы органның мәліметіне сүйенсек, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырық шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.
"Бейнеу аудандық сотының 16.05.2024 жылғы үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мемлекетке келтірген шығын 29 550 929 теңге өндірілді,- делінген ресми хабарламада.