Тараздағы «Тектұрмас» кешені жан-жақты абаттандырылып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 28 мамыр, 2024
- 417
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тараздағы тарихи нысанның бірі – Тектұрмас кешенінде туристерді тарту мақсатында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бүгінгі күні «Тектұрмас» кешені аумағындағы «Көне қамал» нысаны салынып жатыр. Нысан 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған.
«Бұл қамал өте көне дәуірден келе жатқан нысан. Тұрғындар осы жерге келіп, сол кездің тіршілігін сезінетіндей қамал салынады. Құны 650 миллион теңге. 550 миллин теңгеге бұл құрылысы өтпелі нысан болып жалғасып келеді. Биыл күзде құрылысы толық аяқталып, тапсырылуы жоспарланып отыр»,- деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайыл.
Кешенге жалпы 4500 қылқан жапырақты ағашты егу жоспарланып, оның 3500 егілген болатын. Бүгінгі күні егілген ағаштарды және егілетін көгалды автоматты түрде тамшылатып суару жүйесі қосылып жатыр. Қазір суару жүйесіне арналған 16 мың метр су құбырлары алынды.
«Бұл кешенде құрылыс 2019 жылы жасалған. Жан-жағы таулы аймақ болғандықтан, жері тастақ . Осы жерге «Жасыл желек» бағдарламасы бойынша 3500 тал егілді. Сол үшін біз қазір тамшылатып суару жүйесін енгізіп жатырмыз. Бүгінге бұл суару жүйесі 80-85 пайызға бітіп тұр. 10 күн ішінде жұмыс толық аяқталады»,- деді «Жасыл- Ел» мекемесінің директоры Азамат Әбішов.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024