дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа тұрмысқа шыққанда киген көйлегін «барахолкадан» алған

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа тұрмысқа шыққанда киген көйлегін «барахолкадан» алған
Сурет: видеодан скриншот
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазған

Танымал актриса, блогер Жұлдыз Әбдікәрімова тұрмысқа шыққан күнін есіне алып, тойға қалай дайындалғанын айтып берді. Актриса той көйлегін ұзақ таңдап, ақыры «барахолканың» бір бұрышынан алыпты, деп жазады jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Жұлдыз Әбдікәрімова той салонының жарнамасы үшін Астана көшелерінде халат киіп, орамал тағып жүріп өткен. Бұдан бөйлек Жұлдыз Қайратпен отбасы құрғанда той көйлегін қалай таңдағанын айтып берді.

«Менің алғаш тұрмысқа шыққан кезім есіме түсіп отыр. Той көйлегін алу үшін Алматының «барахолкасына» бардым. Барлығы бір-біріне ұқсас, жылтырақ болды. Маған ондай көйлектер ұнамайды. Соңғы рет бір бутикті көре салайын дедім. Осы жерден таппасам, тіктіремін деп ойладым. Бір бутикке кірдім де, бұрышта тығылып тұрған көйлекті көремін. Қатты ұнап қалады. Көкірек тұсында және етегінде гүлдермен көмкерілген нәзік, маған арналғандай көйлек болды. Ол көйлек әлі күнге дейін бар. Сіздерге бір күні көрсетермін», - деп жазды актриса.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар