Алматыға Италия мен Польшадан кофе түрінде есірткі тасымалдаған шетелдік адам ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2024
- 521
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімдерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті. Күдіктілер есірткіні кофе түріндегі капсулаға тығып әкеліп, Алматыдағы жалдамалы пәтерге тыққан, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Полиция сайтының мәліметінше, тәркіленген есірткінің көлемі 250 грамм. Айтып өткеніміздей, кокаин кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған.
«Қазпошта» бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 кг есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды, оның ішінде 0,5 кг кокаин және 400 грамнан астам экстази болған», - деп жазады сайт.
Анықталғандай, ұсталған шетелдік азамат үш айдан бері осылай есірткі тасымалдайтын курьер болып «жұмыс істеген». Өзі Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келгені белгілі болып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз