жұма, 5 шілде, 2024 0:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздері күні

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздері күні
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл дата 1992 жылы бекітілген

Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

1992 жылы 4 маусым күні еліміздің мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.

 «Бұл – ерекше дата. Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз — тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышан. Ел Президенті мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі. Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба — біздің жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді, ал Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятады.
Баршаңызды еліміз үшін маңызды мерекемен құттықтаймыз! Мемлекеттік рәміздерді әр азамат мақтан тұтып, құрметтеп-қастерлей берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздіріміздің мәртебесі биік болсын», - деді қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрлігі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар