Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,98 теңгеге арзандап, 509,94 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 508,91 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512,74 теңгеден сатып алынады, 515,41 теңгеден сатылады. Еуро 594,17 — 599,78 теңге, ал рубль 6,25 — 6,42 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,50 теңгеден сатып алынады, 76,92 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 510,00 теңгеден сатып алынады, 517,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 593,00 теңге, сату — 603,15 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,29 теңге, сату — 6,60 теңге.
— юань: сатып алу — 73,33 теңге, сату — 77,29 теңге.





