жексенбі, 29 маусым, 2025 20:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір тоннадан астам: Сырдария мен Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған 16 адам ұсталды

Бір тоннадан астам: Сырдария мен Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған 16 адам ұсталды
Түркістан облысының прокуратурасы
Олардың кейбірі бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған.

Түркістан облыстық прокуратурасының мәліметінше, Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған 16 қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Топтың құрамында тікелей балық аулаған браконьерлер, балықты заңсыз тасымалдап, сатып отырған логистер және бұл істі ұйымдастырған адам болған», – делінген ресми хабарламада.

Құқық қорғау органдары 12 тінту жүргізіп, бір тоннадан астам заңсыз ауланған балықты, 12 қайық пен олардың моторларын, 2000 метрден астам ау мен браконьерлікке арналған өзге де құралдарды тәркіледі.

Алдын ала есеп бойынша табиғатқа келтірілген залал көлемі 10 миллион теңгеден асады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабы – «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар