Елімізде
Бишімбаевтың адвокаты «Салтанат үшін өмір бойына сотталсын» жазуы бар футболка кигендерді сынады
- авторjambylinfo.kz
- 2 мамыр, 2024
- 584
Адвокаттың ауынша, бұл жазулар алқабилердің ойына әсер етуі мүмкін
Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаетың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «Салтанат үшін өмір бойына сотталсын» деген жазуы бар киім киген адамдарды сот залынан шығаруды сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
"Сот залында «Салтанат үшін өмір бойына сотталсын» (За Салтанат, пожизненно) деген жазуы бар майка киген адамдар отыр. Құрметті судья, бұл адамдарды залдан шығарып жіберуіңізді сұаймын. Себебі, бұл адамдардың бізге қарама- қарсы отыруы алқабилердің ойына әсер етуі мүмкін», деді адвокат.
Алайда Судья Айжан Құлбаева адвокаттың өтінішін қабылдаған жоқ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала