жұма, 22 қараша, 2024 19:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевта бәрі бар, бірақ жүрек жоқ – прокурор Айжан Аймағанова

Бишімбаевта бәрі бар, бірақ жүрек жоқ – прокурор Айжан Аймағанова
Коллаж: jambylinfo.kz
Бүгін сотта тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі басталды, деп хабарлады jambylinfo.kz.

Прокурор Айжан Аймағанова азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу  дәлелдеген дәйектерді тағы да жіпке тізді. Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі оның марқұм Нүкенованың өліміне кінәлі екенін айғақтап берген.

«Тергеу барысында көп нәрсеге көз жеткіздік. Марқұм Салтанаттың Бишімбаевтан психологиялық, материалдық, физикалық қысым көргені дәлелденді. Тіпті Бишімбаев Салтанатқа түнімен ұйқы бермеген түндері де болған. Оған түнгі уақытта үздіксіз хабарлама жіберген. Сот сараптамасының өзі Нүкенованың ауыр соққыдан көз жұмғанын дәлелдеп берді. Былай қарасаңыздар, Бишімбаев та бәрі бар: интеллектісі бар, түрі бар...Бірақ оның жүрегі жоқ. Себебі, оның жүзінде өкініштің ешқандай табы жоқ", - деді прокурор.

Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот тергеуі 2024 жылдың 24 сәуірінде аяқталған. Ал бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз өтіп жатыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар